Алматы қаласындағы «Тастақ» базарының жанында жекеменшік үй өртенді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, «101» пультіне өрт туралы хабар 18 ақпан күні сағат таңғы 07:29 шамасында келіп түсті.
«Өрт сөндірушілер оқыс оқиға орнына 8 минут ішінде, сағат 07:37 шамасында келіп жетті. Жергілікті тұрғын үй кешенінің территориясында екінші қабатта өрт болғаны және екіқабатты ғимараттың шатыры өртенгені белгілі болды. Өрт сағат 08:08 кезінде ауыздықталды, сағат 08:31 кезінде толықтай сөндірілді. Өрттің аумағы 290 шаршы метрді құрады», — деді Баймұхамбетова.
Жәбірленушілер мен зиян шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға жеке құрамдағы 44 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.