Алматыдағы аты шулы республикалық спорт колледжіне 90-жылдардағы әлімжеттік қайта оралған секілді. Мұнда таэковондодан жаттықтыратын бапкерлердің көзі қанап төбелесіп жүрсе, тәлімгерлері өздерінен жасы кішілерге күш көрсетеді деп, ата-аналар балаларының өмірі үшін алаңдап отыр. Мәселенің мән жайын Ерқанат Көпжасар біліп көрген еді. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.
Түнгі оннан бастап республикалық спорт колледжіндегі таэквондо залына жиналған ата-аналар балалараның қауіпсіздігіне алаңдаулы. Айтуларынша, мұндағы әлімжеттіктің асқынғаны сонша, оқушыларды үлкендер соққыға жығып жатқанда, бапкерлері қарап тұратын көрінеді.
ҚАЛАМҚАС БИСЕМБАЕВА, ата-ана:
— Барлық балалардың беттері ісіген, үстері көгерген. Менің баламның міне басынан ұрған өзінің басы ауыратын. Мына жерінің бәрі көкпеңкөк.
— Енді ол таэквондо ғой, спорттан шығар?!
— Спорттан емес. Тренировкада болмайды ондай. Ол экспертизадан ертең шығарамыз бәрін.
— Сіздің немереңіз ғой, иә?
— Менің немерем. Бұл бірінші емес, уже үшінші төртінші мәрте болып жатыр.
Ата-аналар бапкерлердің ерегесінен, оқушылардың жаттығуы да нашарлап кетті дейді. Тіпті спорттағы жетістіктерін мақтанып айтып отыратын балалары соңғы кезде тұйықталып, ешкіммен сөйлеспейтін болып кеткен.
ЖИРЕНБАЕВ ҚУАН:
— Тренерлері ма или жаңағы старшактары ма?! Кім білсін, кім қорқытқанын. А сұрасақ ешкім ештеңе айтпайды. Әйтеу таяқ жедік, бітті, бірақ ауыз сөз. Лучше тыныштығы керек.
Бапкерлер сұхбат беруден ат тондарын ала қашты. Ал колледж басшылығы болса, мәселені тез арада шешеміз деп уәде берді.
БАҚЫТЖАН АЯЗБАЕВ, Республикалық спорт колледжінің директор орынбасары:
— Өкінішті жәйт біз үшін. Енді біз осының бәрін түбіне дейін анықтап, мән жайды анықтаймыз. Балаларға жаңағы оларға біз психологиялық көмек көрсетеміз. Және де болашақта біз енді бұндайды болдырмауға тырысамыз.
Ата-аналар таэквондодан ел біріншілігінде үлкен жетістікке жетіп жүрген балаларының әлемде де көк туымызды көтергенін армандайды. Тек спорттағы әлімжеттік балалардың болашағына кедергі келтірмесе екен дейді.