Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притонды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Притондардың барлығы жеке коттедждер сияқты көрінген. Бір қарағанда басқалардың назарын аудармайтын қарапайым үй.
«Іс жүзінде олай емес. Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449 және 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары 50-бап негізінде жауапқа тартылды», – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заң бұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.