jasqazaq.kz

Алматыдағы ауыз су құбырының жартысынан көбі тозған

21 қыркүйек 2022, 17:01

Алматыдағы ауыз су құбырларының тең жартысынан көбі тозған. Жерасты құбырларының тозуынан апат та жиілеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кезекті апат бүгін таңға жуық тағы да болды. Қаланы 30% ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған алып су құбырындағы апат әлі қалпына келтірілген жоқ. Жауапты мекеменің мәліметінше жыл сайын 20-25 км ғана су желісі жаңартылады.

«Су шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі желілердің табиғи тозуы болып отыр, ол 50%-дан асады. Жылына кәсіпорынның инвестициялық қаражаты есебінен шамамен 20-25 км желі ауыстырылады. Ал қалалық су құбырының тозу дәрежесін төмендету үшін жыл сайын шамамен 100 км құбыр желісі ауыстырылады», — деді «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.

Сумен жабдықтау жүйесінің құрылыстары мен технологиялық жабдықтарын жоспарлы түрде түбегейлі жаңғырту да талап етеді. Кәсіпорынның мәліметінше жөндеудің жылдам жүрмеуі қаржыға тікелей байланысты. Айтуларынша суға арналған тарифтің төмендігі де әсер етіп отыр.

«Қаламыздағы ауыз су – ел бойынша ең төменгі тарифтердің бірі. 1000 литр судың бағасы 48 теңгеге тең. Бұл ретте тариф 7 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз тұр, баға қымбаттаған жоқ», — деді мамандар.

Қала бойынша су құбырының ұзындығы – 3574 шақырым. Алайда олардың жартысынан көбі әбден ескірген. Құбырлардың қолданысқа берілгеніне 60 жылдан асып кеткен. Қаладағы су құбыры желілерінің 1942 шақырымы тозған. Бұл жалпы көлемнің 54,3% құрайды.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады