Алматы қаласының орталығында жүргізілген арнайы операция барысында қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берген екі күдікті қолға түсті.
Бұл туралы Stan.kz Алматы қалалық ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, Фурманов көшесі мен Жаңа алаң қоршауға алынған. Бір уақытта атылған қару дауысы естілген. Полиция қызметкерлері болса, атыс туралы мәліметті жоққа шығарды.
“Атыс болғаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. ІІД-нің қызметкерлері тарапынан жедел шара жүргізілді. Соның нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған екі күдікті қолға түсті”, – деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.