Алматыда Mercedes жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді. Тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көліктің Кудерин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқаны айтылады. Зардап шеккен екі адам қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытыныдсы бойынша жол апатының басқа да мән-жайы анықталады.