jasqazaq.kz

Алматыда жылу құбыры жарылды (видео)

23 қараша 2017, 18:16

Алматыда Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы маңында жылу магистралі жарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы ТКШ және энергокешен кәсіпорындарының өкілі Ян Гриннің сөзінше, құбыр жарылғаны 15:40-та хабарланған. «Бұл жылу магистралінің диаметрі 800 миллиметр. 1990 жылы пайдалануға берілген. Пайдалану мерзімі аяқталды. Мұндай құбырлар 25 жылға есептелген. Алдын ала себеп — ескіру. Нақты себебі кейін белгілі болады. Жылу беру бірден тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге шығын көлемін анықтау мүмкін емес. Су басқан жерлер болуы мүмкін. Қандай да бір зиян келген болса, бекітілген тәртіп бойынша өтейміз», — дейді ол. Ян Гриннің мәліметінше, 100-ге жуық нысанға ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Оның шінде 4 мектеп пен 2 балабақша, дегенмен, басым көпшілігі тұрғын нысандары емес (қоймалар мен өзге де нысандар). Жол жүру тоқтатылған жоқ. «Оқиға орнында апаттық бригадалар жұмыс істеп жатыр. Түнгі 2-ге таман жылу қайта беріледі деп юолжап отырмыз», — дейді ол. Ян Гриннің айтуынша, бұл жылу магистралін жөндеу жұмыстары 2018 жылға белгіленген еді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті