jasqazaq.kz

Алматыда жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

10 қазан 2022, 16:00


Алматы жылу жүйелері 2022-2023 күзгі — қысқы кезеңге дайындық бойынша кешендік іс-шаралар өткізіп жатыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде Кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады.

«Гидравликалық сынақтар кезеңінде 489 зақым тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16,8% төмен. Жалпы жылу желілерінде биыл 9 шақырым желі ауыстырылды. Сонымен қатар, барлық жөндеу бригадалары қажетті арнайы техникамен жабдықталған»,- дейді Данияр Қазымбетов.

Айтуынша, бүгінгі күні барлық жылу желілері сумен толтырылған, жылу желілерін жылыту маусымына бұруға және жылу желілерінде баяу айналым жасауға дайындық жүргізіліп жатыр. Айналым жылыту кезеңі басталғанға дейін 3 күн бұрын іске қосылады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті