jasqazaq.kz

Алматыда жол мәселесі қалай шешімін таппақ?

28 мамыр, 14:36
Almaty.tv

Almaty.tv

Алматыда жол-көлік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары қаланың көлік жүйесі мен жол инфрақұрылымын жаңарту бағытында ауқымды істер қолға алынып келеді. Бұл жұмыстардың басым бөлігі Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының тікелей қатысуымен іске асуда. Осы тақырып аясында Jas Qazaq тілшісі Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Асан Бостановпен сұхбаттасты.

– Асан мырза, соңғы жылдары Алматы қаласының көшелеріне жөндеу жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Қала тұрғындары мен қонақтарының қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығы – біздің басты назарымызда. 2023 жылы Қалалық мобилділік басқармасы тарапынан ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 175 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2024 жылы бұл жұмыстар одан әрі жалғасып, ұзындығы 250 шақырым болатын 274 көшеде жол жабындысын жаңарту жұмыстары атқарылды. Бұл – тек сандар ғана емес, қала тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыратын нақты қадамдар.

– Жөндеу жұмыстарымен қатар, қоғамдық көлік мәселесі де өзекті. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

– Қоғамдық көлік – қаланың күретамыры. 2023 жылы 600 бірлік газбен жүретін автобустар, 100 электр автобусы және 112 троллейбус сатып алынды. Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлермен серіктестікте 170 бірлік газбен жүретін автобустар және 15 электр автобусы сатып алынды. Бұл – экологиялық таза әрі заманауи көліктер.


2024 жылы біз 44 бағыт бойынша жылжымалы құрамды жаңартып, 3 жаңа қалалық және 20 қала маңындағы жаңа бағыттарды іске қостық. Сонымен қатар, троллейбус паркі толығымен жаңартылды. Бұл көліктердің барлығы жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды және экологиялық қауіпсіздікті көздейді.

– Қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы тұрғындарға қандай артықшылық береді?

– Біріншіден, бұл – уақыт үнемдеу. Бағыттардың оңтайландырылуы арқылы көлік қозғалысы жылдам әрі жүйелі бола түседі. Екіншіден, жаңа көліктердің енгізілуі арқылы жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз сапар қамтамасыз етіледі. Үшіншіден, газ және электр қуатымен жүретін көліктер экологиялық ахуалды жақсартуға сеп болады. Қала халқының өсімі мен урбанизация қарқынын ескерсек, бұл – өте маңызды қадам.

– Болашақта қандай жобалар жоспарланып отыр?

– Қазіргі таңда біз қаланың шет аймақтарына қоғамдық көліктердің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, жолаушылар ағынын тиімді басқару үшін «ақылды аялдамалар», электронды билеттеу жүйесін жетілдіру, цифрлық навигация секілді жобаларды қолға алып отырмыз. Жол қозғалысын басқару жүйесі де жаңғыртылуда – бұл кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді.

– Жол-көлік мәселесі туралы қала тұрғындарының арыз-шағымдары ескеріле ме?

– Алматы – қарқынды дамып келе жатқан қала. Қоғамдық көлік пен жол инфрақұрылымы – оның негізгі жүйелері. Қалалық мобильділік басқармасының негізгі мақсаты – Алматы тұрғындарына қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи көлік жүйесін ұсыну. Бұл мақсатқа жету үшін біз барлық күшімізді салып жұмыс істеп келеміз. Тұрғындардың қолдауы мен ұсыныстары – біз үшін ең маңызды ресурс. Сондықтан біз әрқашан кері байланысқа ашықпыз.

Жол – өркениеттің күретамыры. Алматының көше-көлік жүйесін жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстар осы өркениет жолындағы маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.

Олжас Әбдіхалық,
Алматы

Бүгін, 13:06
Дархан Сатыбалды: Алматының жаңа полиорталықтары адамдар үшін жайлы болуы тиіс
Бүгін, 11:49
Қазыбек Дәуіталиев: Қоғамдық кеңес – халықтың үніне айналуы тиіс
29 мамыр, 16:03
Түркістан: Нұралхан Көшеров индустриалдық аймақтарды әрмен қарай дамытуды тапсырды
29 мамыр, 14:20
Түркияның жетекші фармацевтикалық компаниясы Түркістанда өндіріс ашады
28 мамыр, 15:03
Түркістан: «Бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті
28 мамыр, 14:50
Түркістан: 1069,5 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды
28 мамыр, 14:36
Алматыда жол мәселесі қалай шешімін таппақ?
28 мамыр, 14:18
Түркістан: Ерте піскен қауын экспортқа жөнелтіле бастады
28 мамыр, 14:10
Түркістан: Ұлттық рухты асқақтатқан жас өскін