jasqazaq.kz

Алматыда жол апатына кінәлі мас жүргізуші төбелес шығарды (Видео)

07 шiлде 2021, 14:01

Алматыда жол апатына кінәлі мас жүргізуші төбелес шығарды. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Жол апатына ұшыраған жүргізушілердің төбелесі әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан бірнеше ер адамның жол апатынан кейін сөзге келіп қалғанын көруге болады, ал куәгерлер оларды арашалап жүр. «Алматы-Арасан шатқалындағы жол апаты. «Mersedes» жүргізушісі мас күйде жол жиегінде тұрған екі көлікті қағып кетті. Футболкасын шешіп тастаған ер адам төбелес шығармақ болды», — делінген видео сипаттамасында. Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 шілде күні шамамен кешкі сағат 17.00-де болған. «А. есімді жүргізуші жол қозғалысы ережелерін, 2.4.2-бөлімнің талаптарын бұза отырып, мас күйде «Mercedes» маркалы көлігін басқарып, Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып «Mercedes» автокөлігімен соқтығысты, одан әрі «BMW» маркалы көлігін қақты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автомобильге де зақым келді. Зардап шеккендер жоқ. Материалды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске алды», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

ҚазАқпарат

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам