jasqazaq.kz

Алматыда «жиһадқа» үндегендер шенеуніктерге шабуыл жасамақшы болған (видео)

08 желтоқсан 2017, 14:36

Алматы полициясы осыған дейін қарулы «жиһадқа» үндеген бір топ адамның ұсталуына қатысты істің мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІД мәліметінше, терроризм жасамақшы болған және террорлық акт жасауға үндеген А.Жұмағұлов, О.Өміров, К. Әбішев есімді күдіктілер екі айға қамауға алынды.

«Тергеу барысында осы аталған күдіктілер А.Жұмағұловпен бірге құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымның өкілдеріне қарсы акция жүргізуді жоспарлаған. Полиция қызметкерлеріне телефонмен қоңырау соғып, оларды және олардың отбасы мүшелерін қорқытуды жоспарлаған. Сондай-ақ, қорқыту мақсатында камуфляж бен бетперде киіп, мемлекеттік органдардың басшыларына видеоүндеу жолдамақ болған. А. Жұмағұлов ақша алу мақсатында жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалайтын қылмыстық топ құрмақшы болған. Осы мақсаттарда Қырғызстаннан қару әкелуді жоспарлаған. Құқық қорғау органдарының өкілдері оларды ұстаған жағдайда кінәні өз мойнына алатын адамдарды да іздеген. Жасырыну мақсатында ұялы телефондар мен сим-карталарды алып қоюды жоспарлаған. Ақша бопсалағаннан кейін А.Жұмағұлов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белсенді түрде шабуыл жасамақшы болды», — деп хабарлады Алматы полициясындағылар. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда қарулы «жиһадқа» үндеген бір топ адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

28 шiлде, 13:42
Түркістан: Ордабасыда ынтымақтастық рухын арттыруға арналған жиын өтті
28 шiлде, 13:40
Түркістан: Мақтаралда халықаралық өнлдірістік копперация орталығына инфрақұрылым тартыла бастады
28 шiлде, 11:43
Ынтымақтастық рухы: Ордабасыда қымызмұрындық өтті
27 шiлде, 17:39
Түркістан облысында агроөнеркәсіп секторы қарқынды дамуда
25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады