Алматыда жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.
«Алматылықтар санитарлық нормаларды сақтап, қала ішінде жүре алады», — деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, велосипедпен де жүруге рұқсат етілді. Өз кезегінде, полиция тұрғындарды 3 адамнан көп жиналмауға шақырды.