jasqazaq.kz

Алматыда жанжалға ұласқан анықтамалар банктің сұрауымен алдырылған

31 қазан 2017, 23:10

Азаматтардың сыртынан мүлігі жайлы мәлімет алып жүрген компания өкілі құпия құжаттарды банкте істейтін танысының өтінішінмен алғанын мойындады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Яғни, банк сенімхат алдырып басты ауыртпаған. Өзіне қажетті мәліметті «Капитал глобал» компаниясында істейтін танысы арқылы алдырған. Өз кезегінде, халыққа қызмет көрсету орталығы да олардың бетін қайтармаған. Анна Димитриевичтің мүлігі жайлы мәліметті заңсыз алған компания өкілі тергеу аяқталғанша қызметінен аластатылды. Десе де, Ғалихан Мұхамеджанов жеке құжаттардың не үшін қажет болғандығы жайлы жақ ашпай отыр. Ал банктермен етене қызмет істейтін компания басшысы бар кінәні инспекторға жапқан. Айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері құжатты беруге өзі келіскен. Естеріңізге салсақ, Алматы тұрғыны Анна Димитриевич сыртынан бәз біреулердің мүлігі мен мекен-жайы туралы анықтама алғанын айтып, байбалам салған еді. Бұл іс бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалып, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері мен басшысы жұмыстан қуылған болатын.

Асқар Омарбеков, «Капитал глобал» ЖШС Бас директоры:

-Ғалихан Мұхамеджанов Анна Димитриевичтің мүлігі жайлы анықтаманы банкте істейтін танысына алып берген. Досы өтініп қоймаған соң осындай әрекетке бардым деп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы болса, азаматшаның құжатын еш кедергісіз бере салған. Сондықтан, бұл жерде электрондық үкімет мекемесі қызметкерінің кінәсі көбірек деп есептеймін.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы