jasqazaq.kz

Алматыда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 23 мың орындық мектептер салынады

09 шiлде, 13:54

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Алматы қаласында кең ауқымда жүзеге асып келеді. Мәселен, 2022 жылдан бері шаһарда 50-ден астам білім беру нысаны салынды және жаңғыртылды. Олардың қатарында 7 балабақша, 47 мектеп және 4 оқушылар үйі бар.

Қазіргі уақытта қалада салынып жатқан мектептердің құрылысы туралы Jas Qazaq тілшісіне Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшының орынбасары Марат Арафат баяндап берді. Оның айтуынша, 2025 жылы қалада 46 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 39-ы — білім беру бағытында.
«Атап айтқанда, қазіргі таңда 1790 орындық 3 мектеп салынуда. Олар Зерделі ықшам ауданында, Еңбек көшесінде және Асқаров даңғылында бой көтеріп жатқан шығармашылық мектеп», – деді Марат Арафат. Сонымен қатар, 3496 орындық 9 қосымша құрылыс жүріп жатыр. Бұл қосымша нысандар №112, 174, 58, 35, 99, 73, 160, 16 мектептер мен педагогикалық №2 колледждің жанынан салынады екен.

Ал ескі мектептердің қауіпсіздігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. «Қазіргі уақытта 9 мектепке сейсмикалық күшейту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл №10, 189, 191 мектептер, РФММ, №161, 59, 60, 30 және 50 білім ордаларына қатысты», – деді басқарма басшысының орынбасары.
Марат Арафаттың айтуынша, техникалық білім беру саласы да назарда. Алматының Алғабас ауданында 720 орындық инновациялық техникалық колледж бен 300 орындық жатақхана, сондай-ақ 118 орындық жатақханасы бар 1050 орындық Алматы коммуникация және машина жасау колледжі салынып жатыр.
Балаларға арналған балабақша мәселесінде де нақты істер бар. «Қазір 1420 орындық 6 балабақша салынып жатыр. Олар Жас-Қанат, Алтын бесік, Шұғыла, Құрамыс, 10-шағынаудан, Абай даңғылы мен Қарағайлы өзенінің батысында орналасқан», – деді Марат Арафат. Сонымен қатар, №137, Синхая, Орбита-4 ш/а, №168 және №37 бөбекжайларында қайта құру мен сейсмикалық нығайту жұмыстары жүруде.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі де ірі жаңартудан өтуде. «2025 жылға дейін 7 нысан салынуда. Оның ішінде Саялы және Айбасов көшелерінде ауысымына 200 адамға арналған екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория бой көтеруде», – деді Марат Арафат. Бұдан бөлек, №16 емхана күрделі жөндеуден өтіп, жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы салынып жатыр. Гагарин даңғылы мен Құрамыс шағынауданында екі жаңа емхана да бой көтермек.
Әсіресе «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс ерекше қарқын алған. «2025 жылы осы жоба шеңберінде 23 100 орынға арналған 13 мектептің құрылысы жүргізілуде», – деді Марат Арафат.

2024 жылдың 1 қыркүйегінде 600 орындық бір мектеп ашылған. Оған қоса, 10 500 орынға арналған 6 мектептің құрылысы аяқталды. Олар Райымбек даңғылы, «Нұрлы Дала» ТК, Теректі, Самғау, Қарасу, Ақбұлақ шағынаудандарында орналасқан. «Розыбакиев пен Левитан көшелерінің қиылысында орналасқан 1500 орындық мектептің де құрылысы толық аяқталды», – деді ол.

Ал 2025 жылдың 30 тамызына дейін тағы 3500 орындық 2 мектеп, атап айтқанда Құрамыс (1500 орын) және Құлжа тас жолының бойындағы (2000 орын) мектептер пайдалануға беріледі. Сол сияқты, жыл соңына дейін 7000 орынға арналған 3 мектептің құрылысы аяқталмақ. Олар Шұғыла шағынауданындағы Сәбденов көшесінде (2500 орын), Рысқұлов пен С. Әшімов қиылысында (2000 орын), және Егізбаев көшесі, 9 (2500 орын).
Жеке инвесторлардың үлесі де ерекше. «Тауар кілтімен» сатып алу механизмі арқылы 11 700 орынға арналған 8 мектеп жеке қаржы есебінен салынып жатыр. Марат Арафаттің айтуынша, бұл мектептер Бурундай көшесі, Шұғыладағы «Елімай», «Парасат», «Жеті Қазына», «Алтын Сити», «Time City» тұрғын үй кешендерінде бой көтеруде. Бұл жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылғы 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау да жүйелі жүргізілуде. «Қазіргі уақытта 6 мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Соның ішінде 2 мектепке мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды», – деді басқарма өкілі. Ал қалған 4 мектептің құжаттары сараптама порталына жүктеліп, маусым айында бекітілмек.

Бұдан бөлек, кейбір мекенжайларда мектеп салуға мүмкіндік болмағандықтан, Алматы қаласы әкімдігі жаңа орындар ұсынды. «Шұғыла» мен Розыбакиев–Қожабеков қиылысындағы жобалар тоқтатылып, олардың орнына Алғабас (2000 орын) және Ғажайып (1200 орын) шағынаудандарында мектептер салу шешімі қабылданды. Бұл жерлерде қазба жұмыстары басталып кеткен, құрылыс-монтаж жұмыстары алғашқы кезеңде 4–5% деңгейінде орындалған.
Бұл жобалар тек инфрақұрылым емес – бұл болашаққа салынған жол, жас ұрпаққа ұсынылған мүмкіндік. Қаланың әр ауданына жайлы мектеп, заманауи балабақша, заманауи колледждер мен қауіпсіз денсаулық нысандары қажет, ал бұл қажеттіліктерді қамтамасыз ету – уақыт талабы.
«Бүгін салынған әр мектеп – болашақтың берік қорғаны. Біз оны жақсы түсінеміз», – деді Марат Арафат.

Олжас Әбдіхалық

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң