Алматыда жөндеуден өткен жол ойылып жатыр

27 қазан 2016, 10:51

snimok

Алматыдағы «Қалқаман» шағынауданының 10 көшесі 134 жерден ойылып кеткен. Бұған су құбырларын тартқаннан кейін асфальттың сапасыз төселуі себеп, –  дейді тұрғындар. Ал жергілікті билік өкілдері мердігер компанияларға жолдарды қайта жөндеуге тапсырма берді.

Мынау – Наурызбай ауданындағы Әуезов көшесі. Екі шетінен қоршалып, ортасы қазылған. 2014 жылы басталған орталық су тарату жүйесінің құрылысы әлі біткен жоқ. Жоспар бойынша жұмыс былтыр аяқталуы тиіс еді. Бірақ ақша жетпей қалған. Енді мына төлқұжатқа сенсек, құрылыс биыл желтоқсан айында аяқталуы керек. Наурызбай ауданының тұрғыны: — Жұмысшылардың қимылы сылбыр. Бір сағат істеп, күні бойы отырады. Құрғақта шаңның астында қаламыз. Жаңбырда батпаққа батып жүреміз. Асфальттың ойылуы орталық су тарату жүйесінің құрылысы басталғалы бері пайда болды. Өйткені құбыр тартылған соң жол сапасыз жөнделген. Мысалы, Қалқамандағы 10 көше 134 жерінен ойылып кеткен. Сайран Сайфеденов, Наурызбай ауданының әкімі: — Әрбір сондай тесілген, ойылған жерлерге барып акт жасадық. Сол мердігерлерге тапсырмаларын береміз. Мысалы, бұл кісілерде кепілдік бар, 3 жылдың ішінде осы жолға өздері қарап тұрулары керек. Жалпы, ықшамауданда 72 көше жөнделуі тиіс. Біраз көшеге жаңа асфальт төселгенмен, су жүйесін жүргізу үшін кейбірі қайта қазылған. Ал 13 көшеде бұған дейін мүлдем асфальт болмаған. Олар келесі жылдың жоспарына қосылуы мүмкін, –  дейді әкімдіктегілер. Дәурен Жандыбаев, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім жетекшісі: — Жұмысты тоқтатып, жұмыс істемей қойған мердігер ұйымдар болған. Олардың лицензиясының мерзімін тоқтатып қойдық. Екінші мердігер ұйымды сотқа бердік. Қазір ықшамауданда көлік қозғалысы қиындап кеткен. Жақында Алматы әкімі мердігерлерге қазылған көшелерді қарашаға дейін асфальттауға тапсырма берген болатын.

24.kz

 

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде