jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз сатылған 73 мың бөтелке ішімдік тәркіленді

16 қазан 2017, 17:25

Алматыда ірі супермаркетте ішімдік өнімдері заңсыз сатылып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында Департамент қызметкерлері соңғы 4 күнде Алматыда құны 22,3 млн теңге болатын заңсыз саудаланған 73 мың бөтелке ішімдік тәркіледі. Атап айтқанда, Бостандық ауданында орналасқан супермаркеттердің бірінде арнайы лицензиясыз әрі рұқсат беру құжаттарынсыз арақ сатылып келгені белгілі болды. Мұнда құны 5 млн теңге болатын, 4,2 мың бөтелке арақ тәркіленді. Енді сауда үйінің басшыларына қатысты ҚР ҚК 214-бабы бойыншы қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Алмалы ауданында орналасқан Барыс базарында да арнайы лицензиясыз сатылып отырған 14 мың бөтелке ішімдік анықталды. Олар да заңсыз саудаланған», — деді қалалық МКД басшысының орынбасары Қанат Балтабеков. Департамент мамандары алкогольлді өнімдерді арнайы құжатсыз саудалаған адамға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Қала тұрғындары күмән туғызатын өнімдерді көргенде 8 727- 267 69 29, 267 69 37 телефондарына хабарласуын сұрайды.

 

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті