jasqazaq.kz

Алматыда үшінші теміржол вокзалы қай жерде салынады?

12 қыркүйек 2022, 13:56

Алматыда Боралдай елді мекенінде үшінші теміржол вокзалы салынатын болды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың XXV сессиясының отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын «Қазақстан темір жолы» АҚ ұсынған. Мұндай мүмкіндік жолаушылар ағынының жүктерін түсіруге мүмкіндік береді.

«Қазір Сайн көшесі арқылы Боралдай ауданына қатынайтын негізгі жол салу жоспарланып отыр. Жаңа вокзал Алматының бүкіл батыс аймағын қамтиды. Үшінші вокзалдың базасында көлік-логистикалық хабты дамытуға болады»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.
Бұған дейін Ерболат Досаев Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысы басталатынын айтқан еді.

Әкімнің сөзінше, 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтіледі.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті