jasqazaq.kz

Алматыда үйге соғылған автобустағы жолаушылардың жағдайы белгілі болды

11 қазан 2022, 15:55


Дәрігерлер Алматыда жол апатынан зардап шеккен жеті адамның қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 қазан күні жол апатынан зардап шеккендер қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті, оның біреуі кәмелет жасына толмаған бала. Дәрігерлердің тексеруінен кейін 6 пациент амбулаториялық емге жіберілді. Қазіргі уақытта бір зардап шегушінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып, ол аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алады»,- деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық кеше Алматыда 141-бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылған болатын.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті