jasqazaq.kz

Алматыда тұрғындарға тиіскен жасөспірімдерді ел аумағынан шығару шаралары қабылдануда

Бүгін, 10:09

Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы мінез-құлық көрсету фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Тексеру жүргізуге әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдар негіз болды. Онда бір топ жасөспірімдердің азаматтарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекеттері бейнеленген.

Аталған деректер бойынша Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары тарапынан тексеру іс-шаралары жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың жеке бастары анықталып, аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Анықталғандай, жасөспірімдер Тәжікстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Барлық кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Тексеру нәтижелері бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы шеңберінде ел аумағынан шығару шаралары қабылдануда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр