Алматыда 5 қабатты үйдің шатыры өртенді. Тұрғын үйден 100 адам құтқарылды, оның 20-сы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 маусым күні сағат 8:17-де қалалық ТЖД-нің «101» пультіне тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Алмалы ауданындағы Мұратбаев көшесінде орналасқан 186-үйдің шатыры өртенген. «Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 08:43-те, яғни 5 минуттан кейін жетті. 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген. Өрт кезінде 100 адам құтқарылды, оның 20-сы балалар. Алдын ала болжам бойынша 190 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрт 8:43-те толықтай ауыздықталды», — делінген баспасөз хабарламасында. Өрт сөндіру жұмыстарына 42 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Опубликовано Константином Паком 17 июня 2018 г.