Алматы қаласы Медеу ауданында цех өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Сәрсенбі, 8 қарашада 05:51-де Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне Сәтпаев, 5 мекенжайы бойынша цех өртеніп жатқаны туралы хабар жеткен. Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен.
«Жөндеу-құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бөлікте металл шатырдың ағаш торламасы өртеніп, шатырдың біраз жері опырылған. Өрт сөндірушілердің шапшаң әрекеті арқасында өрт қойманы алып кеткен жоқ», — деп хабарлайды Баймұхамбетова.
Sputnik Қазақстан агенттігіне куәгерлер хабарлағандай, 200 адам қауіпсіз жерге шығарылған.