jasqazaq.kz

Алматыда суррогат ана ақысын ала алмай жүр

Бүгін, 14:08

Алматыда суррогат ана қызметі үшін ақшасын ала алмай жүр. Оны жалдаған қытайлық ерлі-зайыпты нәресте дүниеге келгеннен кейін шақалақтан бас тартқан, деп хабарлайды zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, 27 жастағы Кристина Гаврилюк бөтен баланы құрсағына салып, дүниеге алып келуге келіскен. Алайда, шартқа отырған қытайлық ерлі-зайыптыға нәресте дүниеге келгеннен кейін хабар-ошарсыз кетіп, баладан бас тартқан. Енді суррогат ана келісілген 7 жарым миллион теңге ақысын ала алмай жүр.

Белгілі болғандай, қытайлық жұп әйелге жүктілік кезінде шамамен 200 мың теңге ай сайынғы жалақысын уақыты төлеп отырған. Дегенмен, әйелдің жағдай күрт нашарлап, баланы жеті айында дүниеге алып келген. Осылайша, болашақ ата-ана шала туған нәрестеден бас тартқан.

Кристина бөтен баланы тәрбиелеуге де, жауапкершілік алуға да шамасы жоқ екенін ашық айтып отыр. Сондықтан, сәби дүниеге келісімен одан бас тарту туралы өтінішін жазған.

«Бұл факті бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмағандықтан, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 79-бабына сәйкес, мұндай жағдайлар тек сот арқылы шешілуі тиіс. Сондықтан азаматтық-құқықтық тәртіппен сотқа азаматтық талап арыз беру жөнінде ұсыныс жасалды», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Құқық қорғаушылар алданған әйелге сотқа жүгінуге кеңес береді. Биологиялық ата-анасы шетел азаматтары болғандықтан, суррогат ана Қытай елшілігіне және Сыртқы істер министрлігіне де жүгінуі тиіс.

«Биологиялық ата-аналарға қатысты Қылмыстық кодекс бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғауға болады. Яғни олар баладан бас тартқан. Бұл сәбидің өмірі мен денсаулығын қауіпке тастау деген сөз», — деді заңгер Ғабит Өмірбеков.
Бүгінде нәресте сәбилер үйінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ұл бала өсіп, салмақ қосып келеді.

 

Бүгін, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар