jasqazaq.kz

Алматыда «Qozgan inc.» қаржы пирамидасы анықталды

14 қыркүйек 2022, 12:42


Алматы қаласында «Qozgan inc.» ЖШС ретінде тіркелген қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды. ЖШС инвестициялық компания атын жамылып, Қазақстан Республикасының тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысып келген.

«Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.

Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады», — делінген агенттік мәліметінде.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады