jasqazaq.kz

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды (Видео)

12 наурыз, 11:18

Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлықтарына қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер қала тұрғындарының пәтерлеріне заңсыз кіріп, бағалы мүліктерін қолды еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер топтың барлық мүшесін анықтап, ұстады. Сондай-ақ олардың қаланың әртүрлі аудандарында жасалған бірнеше мүліктік қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Күдіктілердің әрекетінен келген жалпы шығын миллиондаған теңгені құрайды. – Пәтер ұрлықтарымен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу және олардың жолын кесу – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл адамдарды ұстау фактілері полицияның қаладағы криминогендік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етіп, тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Қазіргі уақытта топтың қылмыстық әрекетіне қатысты барлық эпизодтарды анықтау және кінәлі тұлғаларды заң алдында жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жалғасуда, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров. Полиция азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады: тұрғын үйлердің есік-терезелерін мұқият бекітіп, күмән тудыратын адамдарды байқаса, «102» арнасына хабарлауды сұрайды.

Сурет: Видеодан скрин

 

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр