Алматыда «Оңай» жүйесінде ақау шықты. Бұл туралы Green Bus компаниясының алматылық филиалының директоры Бауыржан Кулишев мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Оның сөзінше, автопаркте 60-қа жуықтай автобуста ақау байқалған.
«Қазір жөндеп жатырмыз. Бағдарламасы істен шыққан болар. Анықтаймыз. Әдетте күніне 50-60 ақау табылады.
Бірақ бүгін ерекше болды. Троллейбус және №1 автобус паркі толықтай ажырап қалды, тағы 300 көлік», — дейді Кулишев.
Ал «Алматы көлік холдингінің» баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаев ақаудың себептері анықталып жатқанын айтады.
«Қай бағыттарда екенін анықтаймыз. Қызмет топтары жөнелтілді», — дейді ол.