jasqazaq.kz

Алматыда массаж салонын жезөкшелер «үйіне» айналдырған (Видео)

20 мамыр 2021, 16:38

Алматыда боди-массаж салонында интимді қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті қыздар анықталды. Олар Медеу ауданында элиталық секторда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген.

– Оны Ақмола облысынан келген 31 жастағы В. есімді әйел басқарды. Оның Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келгендерді жұмысқа тартқаны анықталды. “Ұжымның” құрамына Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматтары да кірді. Бұл элиталы үйге кіру оңайға соқпады: тек тұрақты, сенімді клиенттерді ғана ішке кіргізді, тіпті көліктерінің нөмірлерін де ешкім танымас үшін пленкамен жауып тастаған. Боди-массаж кең ауқымды қызмет түрлерін қамтыды: бұл үш қабатты ғимаратта сауна мен спа-салон да бар болатын, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Салонның иесі бұрын да осындай жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы оның әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы бойынша квалификацияланған. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі.

Ақпарат көзі Polisia.kz

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам