jasqazaq.kz

Алматыда мас ер адам пәтерге кіріп, жаңа көліктің кілтін ұрлап кеткен

06 қыркүйек 2022, 13:04

Алматы тұрғынының пәтеріне мас адам кіріп, жаңа көлігінің кілтін ұрлап кеткен. Полицейлер Zakon.kz сайтына күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Дарабоз ықшамауданының тұрғыны кілттерді үйінде қалдырғанын айтты. Оның c-сөзінше, ұры пәтерге таңертең ерте кірген.

Алатау ауданы әкімдігінің полиция бөлімінің басшысы Құмарбек Кеншінбаев көліктің Солтүстік айналма жолы бойындағы камераларға түсіп қалғанын нақтылады.Тәртіп сақшылары «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесі арқылы ұрының кім екенін анықтады.

Құмарбек Кеншінбаев:

«Боран-179» патрульдік полициясының экипажы көлікті қоршап тастады. Содан кейін көлікті басып алған адам ұсталды.

Ведомствоның баспасөз қызметі ұсталған азаматтың алкогольдік мас болғанын алға тартып, кінәсін мойындағанын қосты.

Ол досының үйін іздеп келгенін, бірақ бөтеннің пәтеріне қаңғып кіріп, кілтін ұрлап кеткенін айтты.

Алматы ПД баспасөз қызметі:

Оның әрекеті бірден Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабымен сараланады: яғни 188 бап «Бөтеннің мүлкін ұрлау» және 200 бап «Бөтеннің көлік құралын заңсыз иелену».

Күдікті қамауға алынды, деп хабарлады полиция.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті