jasqazaq.kz

Алматыда Lada автокөлігі мотоциклді қағып кетті

22 маусым 2016, 16:47

20160622155730

Алматыда Lada Priora автокөлігі мотоцикл жүргізушісін қағып кетті. Әлеуметтік желілерде осы жол-көлік оқиғасына қатысты бейнекөріністер пайда болды.

Жол-көлік оқиғасы 2 маусымда Өтепов пен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған. Өтепов көшесінде тұрған  мотоцикл жүргізушісі бағдаршамның жасыл шамы жанған соң, батыс бағытта жолды қиып өте бастайды. Осы сәтте Розыбакиев көшесі бойымен жоғары жаққа, яғни солтүстік бағытта келе жатқан Lada Priora жеңіл автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жанса да, қозғалысын тоқтатпаған күйі, жол қиылысынан өтіп бара жатқан мотоцикл жүргізушісін қағып өтеді. Абырой болғанда мотоцикл жүргізушісінің үстінде тиісті киімі мен басында шлем болған. Сондай-ақ, ол оң аяғын көтеріп үлгерген. Әйтпесе, соққы оң аяғына тура келер еді.

Motor.kz. сайтына берген жауабында зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі сот үкімімен Lada автокөлігі жүргізушісінің жүргізушілік құқығынан айрылғандығын айтқан.

Мотоцикл жүргізушісінің өзі зардап шекпеген. Сондай-ақ, басқа байкерлерді жолда шлемсіз жүрмеуге және жан-жағына қарап жүруге шақырды.

ҚазАқпарат

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет