jasqazaq.kz

Алматыда күзетшілер тобы кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, бопсалаған: 20 адам ұсталды

04 маусым 2025, 9:33

Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекетін әшкерелеп, жолын кесті., деп хабарлайды jasqazaq.kz. ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында қылмыстық элементтердің шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсетіп, заңсыз әрекеттер жасағаны анықталды. Кейіннен олар кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде «қауіпсіздік» қызметін жүзеге асырған. Қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында ұсталды. Барлығы қылмыстық топтың 20 мүшесі құрықталды. 40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі алынды», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде. Топтың жетекшісі мен қатысушыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Фигуранттардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ішкі істер министрлігі атап өтеді: бизнеске қысым көрсету және оған қылмыстық араласу әрекеттерінің барлық фактілері мемлекет бақылауында. Кез келген заңсыз әрекет заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылады.

Сурет: Видеодан кадр

 

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам