jasqazaq.kz

Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады

06 тамыз, 20:36

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаланың жарықтандыру жүйесінің шебер жоспарының жобасы таныстырылды. Құжат қаланың барлық аумағын және негізгі көлік бағыттарын қамтып, заманауи қауіпсіздік, энергия үнемділік және визуалды қабылдау талаптарына сай келетін сыртқы және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Талқылау барысында әкім жарықтандыру стратегиясы қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтиже беретін жүйе болуы керектігін баса айтты.

«Қазір біз әртүрлі елден білікті мамандарды тартып жатырмыз. Өзім де бұл істі жіті бақылауға аламын, кешкі уақытта нысандарды аралап, жарықтың шын мәнінде халық үшін қалай қызмет етіп жатқанын көріп, бағалаймын», — деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, жарықтандырудың шебер жоспары сәулет, қауіпсіздік пен заманауи технология тоғысқан жүйелі шешім. Бұл ретте, халықаралық стандарттарға сай болу және Алматының тарихи келбетін сақтау негізгі басымдықтардың бірі.

Шебер жоспар «Atlas Global KZ» компаниясының қатысуымен әзірленіп жатыр. Жоба барысында Мәскеу, Лондон, Лион, Сеул, Измир секілді әлемнің ірі қалаларындағы тәжірибе сараланып, Алматының ерекшеліктеріне сай бейімделіп ұсынылып отыр.

Құжатта көше мен қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыруды жүйелі тарату, сәулеттік және оқиғалық жарықтандыруды дамыту, жарықтық ластануды азайту, сыртқы жарықтандыруды «ақылды қала» жүйесіне біріктіру, сондай-ақ түнгі уақытта, әсіресе әйелдер, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару көзделген.

Жоспарға сай, 2025 жылдың соңына дейін Алматының барлық көшесі толық жарықтандырылады. Бұл түнгі қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, қала өмірінің кешкі тынысын жандандыруға – туризмді дамытуға, дәмханалар мен дүкендердің, шағын бизнестің өркендеуіне жол ашады.

Кеңес соңында қала әкімі Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына және «Алматы Қала Жарық» мекемесіне шебер жоспардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды және қолданыстағы нормативтік құжаттарға қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізуді тапсырды.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды