jasqazaq.kz

Алматыда құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылады

06 қазан 2022, 11:44


Алматының «Зерделі» шағынауданында қисайып кеткен 7 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ салынып бітпеген 2 көпқабатты үй бұзылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зерделі» шағынауданында проблемалы 32 үй болған. Бүгінгі күнге іргетасы нығайтылмаған 7 көпқабатты үй қалған еді. Олар жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі», — деді Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.

Айтуынша, нығайту жұмыстары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының» жобалық шешімдеріне сәйкес қатаң түрде жүріп жатыр.

«Сонымен қатар осы аудандағы құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үйді бұзу туралы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қорытындысы бар. Мердігермен шартқа қол қойылды, жыл соңына дейін бұл үйлер бұзылады. Осы жерде тұрғындар талқылауынан кейін сквер салынады деп ойлаймыз»,- деді шаһар басшысы.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті