jasqazaq.kz

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды (Видео)

13 қыркүйек 2022, 13:20

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

«Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырған.

«Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің «қызметкерлері» Қазақстанның басқа аймақтарынан келгендер. Олардың жеке басы, басқа қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Медеу аудандық полиция Басқармасымен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдары жинақталды. Көрсетілген салонның иесі де анықталды — ол 34 жастағы Ж.есімді азамат. Ол да жауапқа тартылды», — деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті