jasqazaq.kz

Алматыда ер адам көлік ұрлау үшін пәтерін сатқан

24 қараша 2017, 13:48

Ер адам көлік ұрлап, сату жоспарын жүзеге асыру үшін пәтерін сатып жіберген, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ер адам мен бірге тұратын әйелі Алматыда базарда киім сатумен айналысқан. Күндердің күнінде ер адам қылмыстық жолмен ақша табуды көздейді. Ол пәтерін сатып, көліктердің кодын оқитын құрылғыны 27 мың долларға сатып алады.

Жоспар бойынша, әйел адам «жәбірленушінің» қасына барып, көлігінің кодын «оқуы» тиіс, ал ер адам сол көлікті айдап әкетуі керек болатын.
Схеманы тексеріп көру үшін, ер мен әйел Toyota Highlander көлігін таңдайды. Ол үшін апаттық жағдайдағы басқа бір ұқсас көлікті 2 миллион теңгеге сатып алады. Техникалық паспорты мен кузов нөмірі жазылған планканы алып қалып, қалған бөлшектерін сатып жіберген. Планканы керекті көлікке ауыстыртқызған.

Жоспарды жүзеге асыруға 27 қазанға қараған түні кіріседі. Әйел көліктің иесін күтіп, онымен бірге лифтке кіреді де, пульттен деректерді жазып алады, ал сол кезде ер адам көлікті айдап әкетеді.
Жедел тергеу тобы көлікті әрі қарай сатуға даярлайтын техникалық қызмет көрсету станциясын анықтаған. Өйткені ер адам ұрланған көлікті сатып жіберуді көздегенін мойындапты.
Ер адам қазір қамауда отыр. Сыбайласына қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралуда. Қылмыстық іс қозғалған.

sputniknews.kz

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті