jasqazaq.kz

Алматыда биыл 14500 пәтер пайдалануға беріледі

09 қараша 2017, 12:46

«Мемлекеттік бағдарламалар шаһардың экономикасына өте зор әсерін тигізіп жатыр. Осылайша, қаладағы құрылыс жұмыстарының қарқыны 4 есеге артты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1800 үй салынды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ғана биыл 4,5 мың үй пайдалануға беріледі. Жалпы қолданысқа берілетін үйлердің 60 пайызы жаңадан салынып жатқан аудандарда бой көтереді». Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан байбек  Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Сондай-ақ алып шаһар басшысы биыл қалада 14500 пәтер пайдалануға берілетінін хабарлады.

Алматы әкімінің айтуына қарағанда, шаһарда жеке құрылысқа басымдық берілген. Осылайша, соңғы 2 жылда 1 триллион теңгенің 82 жобасы қолға алынған. «Жеке инвестиция негізінде 7 мың орындық 54 балабақша салу шешілді. Инвесторлардың арқасында бюджеттегі 14 млрд теңгені үнемдеп қалдық. Демек, жобасымен келген инвесторға біз: «Сен егер үй салғың келсе, үймен бірге балабақша мен мектепті де сал» — деп қолқа саламыз. Бүгінгі таңда үй сатып алғысы келген адамдар сол маңдағы мектеп пен балабақшаның, жайлы ауланың жайын ойлайды. Сондықтан, біз әр адам көліксіз дүкенге барып, балабақшаға баласын апара алатындай жағдай жасау жағында жұмыс атқарамыз. Тағы да қайталап айтамын, 7 мың балабақшаны жеке бизнес ашады. Оның 3 мыңы мемлекетке бірден беріледі», — дейді әкім. Бауыржан Байбек сонымен бірге, биыл шаһарда кезекте тұрған әрбір үшінші отбасы биыл баспаналы болатынын айтты. Ол «2017 жылы 5880 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда үш есе оң көрсеткіш. Демек, кезекте тұрған әр үшінші алматылық пәтерге қол жеткізеді. Жалпы, барлық көздер бойынша (мемлекеттік бағдарламалар, жеке инвестициялар — авт) биыл біз 14,5 мың пәтерді тапсырамыз», — дейді.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы