jasqazaq.kz

Алматыда бір жасар қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр

24 ақпан 2018, 11:01

Алматыда анасы бір жасар қызын бала күтушіге тастап, сол күйі хабарсыз кеткен.

Бұл туралы Рatrul.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына 2017 жылы дүниеге келген қыз келіп түсті.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, ата-анасы тастап кеткен қыздың бала күтушісі полицияға хабарласқан. 2017 жылдың қазан айында сәбидің анасы бала күтушісіне аздаған уақытқа кететінін айтқан. Сондықтан бала күтушісінен қызына қарау тұруын сұрап, ақысын төлеуге уәде етіпті. Алайда анасы сол кеткеннен әлі күнге дейін оралмапты.

Бала күтушісінің қолында қыздың туу туралы куәлігі бар. Құжатта қыздың Таразда дүниеге келгені көрсетілген. Сондай-ақ, баланың ата-анасы туралы деректер де бар. Анасы Өзбекстан тумасы екен.

Балалар ауруханасыныың дәрігерлері сәбиді тиісті тексерулерден өткізді. Қыздың денсаулығы жақсы.

Полиция қызметкерлері баланы таныған немесе оның ата-анасы туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан 2 76 58 00 немесе «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Бүгін, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
Бүгін, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
Бүгін, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Бүгін, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
Бүгін, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
Бүгін, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
Бүгін, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар