Алматыда Тәтібеков көшесінде ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, аталған қиылыста люктен су толассыз ағып, таңға жуық көктайғаққа айналған.
Таңнан бері бұл жерде 4 жол апаты тіркелді. Тойота Марк ІІ Тәтібеков көшесімен шығысқа бағыт алып бара жатып, көлікті тоқтата алмай сырғанап барып, қарама-қарсы келе жатқан № 54 жолаушылар автобусына соғылған.
Соққыдан көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Ал автобустың 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.