jasqazaq.kz

Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті

06 қазан 2025, 11:27

Бүгін Алматыда XIV Азаматтық форум өтті. «Цифрлық мемлекет пен азаматтық қоғам: серпінді серіктестік» тақырыбындағы жиын азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік құрылымдардың өзара байланысын нығайтуға бағытталды.

Форумның ашылу салтанаты Достық даңғылындағы Оқушылар сарайында өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері, белсенді азаматтар мен халықаралық ұйымдардан келген қонақтар қатысты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары форум нәтижесіне сәттілік тіледі.
Форум барысында көптеген өзекті тақырыптар көтерілді. Қазақстан Азаматтық Альянсы ЗТБ Президенті Бану Ғаниқызы елімізде Үкіметтік емес ұйымдардың нақты құқықтық мәртебесі жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң ескірген әрі азаматтық қоғамның барлық институттарын қамтымайды.


«Бізге үкіметтік емес ұйымдар туралы жеке, нақты заң керек. Себебі азаматтық қоғамда жұмыс істейтін ұйымдардың әрқайсысының ерекшелігі бар. Бірақ оларды біріктіріп, заңмен нақты анықталатын ортақ мәртебе жоқ,» – деді Бану Ғаниқызы.
Сондай-ақ, форум аясында Алматыда Азаматтық қоғам орталығын құру бастамасы көтерілді. Бұл орталық азаматтық бастамаларды қолдау, ҮЕҰ мен мемлекеттің байланысын нығайту алаңы болмақ.
Форумның көрме алаңында отандық инновациялық жобалар таныстырылды. Солардың бірі — зерттеуші Ельдар Әбдіқадірұлы таныстырған портативті кардиоанализатор – ПКА 836. Бұл құрылғы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдардың жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
«Құрылғы ЭКГ сигналын тіркеп, жүрек қызметін нақты уақытта бағалайды. Қауіпті жағдай анықталса, автоматты түрде туысқандарына немесе дәрігерге хабарлама жібереді,» – деді жоба авторы өз баяндамасында.
ПКА құрылғысы мобильді, сервер арқылы бақылауға болады және еліміздің денсаулық сақтау жүйесімен біріктіруге ыңғайлы. Бұл бастама медициналық инновациялар арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.


Форум барысында төрт тақырыптық панельдік сессия өтті:
-«Smart City» – ақылды қала шешімдері,
-«Civic Tech» – азаматтық қатысудың технологиялық құралдары,
-Қоғамдық кеңестердің рөлі мен ашықтық,
-Денсаулық сақтау және цифрлық инклюзия.
Сессиялар аясында сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері ұсыныстар мен идеялармен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
Алматы қаласы азаматтық белсенділігімен ерекшеленіп келеді. Бұл жолғы форум да соның дәлелі болды. Форум соңында ұсыныстар жинақталып, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған бастамалар нақтыланды. Үздік жобалар мен белсенділер арнайы марапаттарға ие болды.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды