jasqazaq.kz

Алматыда асхана өртенді

06 маусым 2016, 10:58

орт

Алматыда алапат өрт болды. Өрт Розыбақиев пен Мыңбаев көшелерінің қилысындағы «Аспандияр» дәмханасында тұтанған.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, түнгі сағат 22:25-те ТЖД «101» пультіне Бостандық ауданы, Мыңбаев 113 көшесінде орналасқан «Аспандияр» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер аттанды. Олардың алғашқы легі дәмханаға 22:35-те жеткен. Тілсіз жаудың іргелес ғимараттарға таралу қаупі болған.

BNews.kz сайтының хабарлауынша дәмхананың асханасы өртенген. Мекеме қызметкерлері өрт сөндіргіш арқылы қызыл жалынды ауыздықтауға тырысқанымен, от лезде тарай бастаған. Төтенше жағдай кезінде дәмхана залы меймандарға толы болыпты, олар бірден сыртқа шығарылды.

Сағат 23:31-де өрт сөндірілді. Жалынды сөндіру барысында 4 газ және 4 оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

Жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет