jasqazaq.kz

Алматыда Art sport бағдарламасынан миллиондаған ұрлық фактілері анықталды

28 қыркүйек 2022, 17:14

Алматы қаласы прокуратурасының Art sport бағдарламасын тексеруінің алдын-ала нәтижесі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды және тағы алты қылмыстық іс ашуға негіз бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Рақышев жұмыс тобының отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджет қаражатын бірнеше миллион доллар жымқыру анықталған.

3000-нан астам баланың шетелде болғаны анықталды. 5000-нан астам сабақ өткізілген жоқ. Сонымен қатар жаттықтырушылардың еңбек құқығы бұзылды. Шарттар жасалмады, зейнетақы аударымдары жүргізілген жоқ. Балалармен тығыз жұмыс істейтін 10 жаттықтырушы бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Мұнда бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема болған. Біз осы бағдарламаның жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеуіміз керек. Бағдарлама функционалының өзі тиімсіз, бақылау-қадағалау органдарына бюджет қаржысының жұмсалуын уақытылы әрі тиімді бақылауға мүмкіндік бермейтінін көріп отырмыз, — деді Нұрсұлтан Рақышев

Прокуратура тексеру комиссиясымен бірлесіп алаяқтыққа жол бермеу үшін бағдарламаның техникалық аудитін пысықтап жатыр. Тексерулер жалғасып жатыр, нәтижесі тексеріс біткесін жарияланады.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті