Алматы полициясы алаяқтық қылмысының төрт дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиһаз жасау үшін алдын ала төлем ретінде миллиондаған теңге алып, жұртты сан соқтырған жігіт қолға түсті.
– Маңғыстау облысының 37 жастағы тумасына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам тапсырыспен жиһаз жасаймын деп азаматтардың сеніміне кірген. Клиенттердің шақыруы бойынша ол өлшем алуға барады, «клиенттен» миллион теңгеден астам алдын ала төлем алып, кейін із жасырған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті қолға түсті. Тергеудің осы кезеңінде Д. есімді азаматтың алаяқтықтың 4 эпизоды бойынша кінәлі екендігі анықталды. Оның үстіне, тапсырыс берушілер қаланың әр ауданынан болған, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасында.
Күдікті бұған дейін де заң бұзған, ол мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Бірақ ер адам тиісті қорытынды жасамай, қайтадан қылмыс жасауға бел буды.
Қазір полиция қызметкерлері оның «қызметінің» қосымша эпизодтары бар-жоғын тексеріп жатыр.