jasqazaq.kz

Алматыда ақша жасайтын цех анықталды (видео)

12 желтоқсан 2017, 12:05

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 2 000 теңгелік купюраны қолдан жасап келген цехті анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы «2017 жылдың 11 айындағы Экономикалық тергеу қызметінің атқарған жұмысының қорытындысы» туралы баспасөз-конференциясында белгілі болды. Цех «Әйгерім-2» ықшамауданында орналасқан. Онда ноутбуктер, принтерлер, фольгалар және жалған 2000 теңгелік купюралардың үлгілері табылды. «Тексеріс барысында екі ер адамның жалған купюраларды жасаумен айналысқаны анықталды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша («Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу») сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. А4 форматындағы 58 парақ табылды», — деді Алматы қалалық МКД аға тергеушісі Мадияр Палманов. © Алматы қалалық МКД Сондай-ақ, Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Алатау аудандық соттың жалған ақша жасаушыларға қатысты үкім шығарғанын айтып өтті. «Л. есімді ер адам 5 жыл 7 ай, ал Х. есімді ер адам шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық МКД өкілдері қала тұрғындарынан азаматтық белсенділік көрсетіп, кез келген заңсыз әрекеттерге бей-жай қарамай, заңсыз кәсіпкерлікке қатысты барлық деректі хабарлап отыруды сұрайды», — деді ведомстводағылар.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң