jasqazaq.kz

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілерді полиция ұстай бастады

23 қараша 2017, 14:19

Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілерді ұстай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада «Борышкер» жедел профилактикалық апталығы басталды. Көлік көп жүретін жолдарда «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильді кешендері мен жол-патрульді полиция экипаждары шоғырланған. Бұл құралдар әкімшілік қарызы бар жүргізушілерді ұстауға арналған. «Жоспарлы шара қамауда тұрған көлік иелері мен айыппұл төлемей отырған жүргізушілерді ұстауға бағытталған. Автоматты жүйе көлік ағынынан сондай жүргізушілерді анықтаған соң, оларды жол полициясы тоқтатады. Кейін ол азаматқа монитордан борышы туралы ақпарат көрсетіледі. Көлік айып тұрағына жіберіледі. Қажетті хаттама толтырылады. Жүргізуші оны барлық борышынан құтылған соң ғана шығара алады. Мұндай шаралар азаматтарды әкімшілік борышын уақытында төлеуге мәжбүрлемек», — деді ІІД басқарма басшысы Жандос Мұраталиев. Айта кету керек, ауқымды шараға аймақтық жеке сот орындаушылар мен прокуратура өкілдері қатысып жатыр.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті