jasqazaq.kz

Алматыда 34 жүргізуші қоғамдық көлік басқарудан шеттетілді – прокуратура

19 ақпан, 11:10

Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы бірқатар автобус парктерінде заң талаптарының өрескел бұзылғандығын анықтады.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, «D» санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдардың жолаушылар көлігін жүргізуіне жол берілген.

– Анықталған фактілер бойынша 15 автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауаптылыққа тартылды. Еңбек шарты бұзылған 34 жүргізуші, жолаушылар көлігін басқарудан шеттетілді. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 4 лауазымды тұлға тартылды, — деп хабарлады құқық қорғау органы.

Сонымен қатар қалалық прокуратура наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған адамдардың жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

inform.kz

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес