jasqazaq.kz

Алматыда 26 жастағы қыз 25-қабаттан секіріп кетті

18 тамыз 2022, 11:10

Алматыда 26 жастағы қыз 25-қабаттың балконынан секіріп кетті. Оқыс оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, қыздың мұндай қадамға баруына онкологиялық дертке шалдығуы себеп болуы мүмкін. Қыздың суицид жасамас бұрын балконда 30 минут бойы айқайлағанын көргендер бар.

Жантүршігерлік видеоны жігіт түсірген. Айтуынша, 25-қабаттағы балконнан үздіксіз айқайлаған дауыс естілген соң жүгіріп шыққан.

«Жиырма бесінші қабаттан жарты сағаттай айқайлады. Артынан полиция кірді, сол кезде секірді ғой…», — дейді.

Оқиға орнында жедел криминалистика зертханасы түн ортасына дейін жұмыс істеген. 25 қабатты кешеннің біраз тұрғыны түнде болған жағдайдан бейхабар. Оқыс оқиға түнгі сағат он шамасында болған.

Тұрғын үй кешеніндегі күзетші марқұмның бұл жерде тұрмағанын айтады. 25-қабатта негізінен, тәулікке жалға берілетін пәтерлер екен. Ал марқұм пәтердің емес, дәліздің балконынан секірген. 26 жастағы қыздың сөмкесінен онкологиялық ауруға шалдыққанын айғақтайтын анықтаманы көрген куәгерлер де бар екен.

«Олай істеме деп бақырғанын естідім. Сөмкесінде онкология анализдері бар екен. Онкологиямен ауырған секілді», — дейді тағы бір куәгер.

Полиция аталмыш жайтқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

«Қайтыс болған азаматшаның жеке басы анықталды. Ол 26 жастағы қыз. Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚК 105-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен себеп-салдары анықталады», — деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қыз секірер алдында біреуге аудиохабарлама жібергенін естігендер де бар. Мән-жайын полиция анықтайды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті