jasqazaq.kz

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды (Видео)

31 тамыз 2022, 15:16

Алматыда 2 млн теңгедей айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1,8 млн теңгеге жуық айыппұлы бар Toyota Ipsum көлігін шаһардың Әуезов ауданының полицейлері ұстады. – Бұған дейін хабарланғандай, жол қозғалысын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді, ол жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді және сақтандыру полисінсіз жүрген шетелдік МТНБ бар автокөліктерді, сондай-ақ жалпы ағыннан көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, бір күн бұрын Қырғызстанда тіркелген, жалпы сомасы 1 782 090 теңгені құрайтын айыппұлдары бар Toyota Ipsum көлігі ұсталды. Минивенді 55 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Бұл көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев

Спикердің айтуынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті