jasqazaq.kz

Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды

23 ақпан 2018, 15:41

Алматыда түрлі себептермен ішкі істер органдарынан 148 полицей жұмыстан қуылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«2017 жылы 91 жария түрдегі тексеріс және 5 жария емес түрдегі тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жол-патрульдік полицияның 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылы жемқорлықпен күрес бойынша және заңбұзушылық жасағандарды жазалау туралы 100-ден аса бұйрыққа қол қойдым: 659 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Органдардан жергілікті полиция қызметінің 148 қызметкері қуылды. Олардың ішінде 44 — учаскелік инспектор, кәмелетке толмағандар ісімен айналысқан — 13 инспектор, жол-патрульдік қызметтің 70 қызметкері және тағы бірнеше қызметкер түрлі себептермен жұмыстан босатылды», — деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исин өңірлік коммуникациялар қызметі бойынша өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2017 жылы жергілікті полиция қызметінде 2 308 адам жұмыс істеді. «Жағымсыз себептермен 12 қызметкер жұмыстан қуылды. Яғни, жемқорлық заңбұзушылық жасаған, әскери ережені бұзғандар, әскери тәртіп пен этика ережелерін бұзғандар», — деді Төрехан Исин.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды