Алматы тұрғыны үйінің ауласында марихуана өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Қарасора» республикалық іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы азамат ұсталды.
«Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктінің үйінен жалпы салмағы 24 келіден астам марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ үйдің іргесіндегі аумақтан өзі өсірген 6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр.