

Алматыда әлеуметтік желіге араб тіліндегі музыканы жүктеген тұрғынды терроризмді насихаттады деп айыптаған. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
Тергеу дерегі бойынша, 32 жастағы айыпталушы үш жыл бұрын әлеуметтік желіге 5 ән жүктеген. Айыптауда көрсетілгендей плейлистке қосылған араб әндері терроризмге шақырады. Ал айыпталушы болса бұл парақшаның бар екенін де білмедім дейді.
Және араб тілін ешқашан оқымағанын және түсінбейтінін де айтты. Дегенмен Шухрат Кибировке екі айыптау тағылып отыр: “Телекоммуникация желісін пайдаланып терроризмді насихаттау” және “Діни араздықты қоздыру”.