jasqazaq.kz

Алматы тауларында от жаққандарға 500 мыңнан астам теңге айыппұл салынды

05 қыркүйек 2022, 10:32


Алматыда Іле Алатау ұлттық паркінде от жаққан бес адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы тауларында 180-нен астам бірлескен рейд жүргізілді. Оның барысында демалушыларға 50 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар ерекше қорғалатын аймақтарда өрт жағудың 117 фактісінің жолы кесілді.

«ҚР ӘҚБК 505 бабы бойынша 112 адам ескерту түрінде, осы бап бойынша қайталап өрт қауіпсіздік бұзушылыққа жол берген 2 адам жалпы сомасы 76 575 теңге айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек ҚР ӘҚБК 367-бабы бойынша-жалпы сомасы 459 450 теңге айыппұл түрінде – 3 адам әкімшілік жазаға тартылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қалалық ТЖД мамандары таулы жерде шылым шегіп, от жақпауға кеңес береді.

Айта кетейік, Іле Алатау ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындау үшін арнайы жабдықталған 14 орын, Алма-арасан шатқалының аумағында -12 орын, «Бутаковкада» 2 орын бар.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті