jasqazaq.kz

Алматы тауларында өрт қауіпсіздігін дрон бақылайды (Видео)

17 шiлде 2023, 15:02

Алматының таулы-орманды алқабында өрттің алдын алу мақсатында көпфункционалды дрондар іске қосылды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлағанындай, дронға қосылған тепловизор от жағу орындары мен қауіпсіздік талаптарын бұзғандарды жедел анықтауға көмектеседі. Осыдан соң оларға дереу мобильді топтар жіберіледі.

Дрон таулы жерлерде демалушылар жаппай жиналған кезде іске қосылады.
Ұлттық парктің орманды алқабы өзіндік ландшафтымен және жету қиын таулы аймақпен ерекшеленеді, сол себепті мұнда тек авиацияның күшімен ғана өртті сөндіруге болады.
«Ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының максималды жылдамдығы сағатына 81 шақырымға жетеді, онда бірнеше жұмыс режимі бар. Ол көлденең 8 шақырым қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 метр биіктікке көтеріле алады. Ауа райының әртүрлі жағдайы мен тәуліктің кез-келген уақытында тепловизорлық камерасы бар дрондармен тауда адасып кеткен адамдарды тез табуға болады. Сондай-ақ, зардап шеккендерге дәрі-дәрмектерді жеткізу мен құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып баруға болады. Алматы қаласының ТЖД-да сондай тапсырмаларды орындауға арналған 3 дрон бар», — деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгінгі күнге Алматы тауларында 160 от жағу әрекетінің алды алынды, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарны бұзғаны үшін 92 жеке тұлға 5 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапқа тартылды.

 

JQ-Aqparat

19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда
18 маусым, 14:38
Түркістан: Төлеби ауданында тігін фабрикасы іске қосылады
18 маусым, 14:35
Түркістан: Сарыағаштағы кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі
18 маусым, 14:28
Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады
18 маусым, 14:23
Түркістан облысы мен қытай инвесторлары арасында 7 меморандум жасалды